Өскемен СЭС қоғамдық тыңдалымға шақыруда
Қоғамдық тыңдалымда кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізген әсер жайында айтылмақ
Мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
- 2007 жылғы 09 қаңтардағы ҚР Экологиялық Кодекстің 57-2 бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес ШҚО, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан Өскемен қалалық әкімдігінің Мәжіліс залында "ТСН 110/6,3 кВ резервтік трансформаторын орната отырып ӨҚ резервтік қуаттандыру жүйесінің жобасы, №2 ОРУ-110 кВ шина жүйелерінен қуаттанатын сөндіргіш пен ажыратқыштар жобасы" нысаны бойынша "Қоршаған ортаға әсерді бағалау" бөлімі бойынша ашық жиналыс үлгісіндегі қоғамдық тыңдаулар өткізіледі, - делінген компанияның ресми хабарламасында.
Қоғамдық тыңдалым ШҚО, Өскемен қаласы, Пермитина көшесі, 17-үйде, Өскемен қалалық әкімдігінде конференц-залда өтпек.
Жобалау ұйымы: "ҚАЗАҚ ЖОБАЛАУ ҚҰРЫЛЫС" ЖШС, байланыс телефоны: 87753277770.
Тапсырыс беруші: "АЭС Өскемен СЭС" ЖШС, байланыс телефоны: 8(7232) 561056.
Мүдделі тұлғалар www.oskemen.vko.gov.kz сайтындағы "Қоғамдық тыңдаулар" бөлімінде орналасқан жұмыс жобасының ҚОӘБ материалдарымен алдын ала таныса алады.
Мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей e-mail: ukges@ukges.kz қабылданады.
Қоғамдық тыңдаулардың мерзімі мен уақытын www.oskemen.vko.gov.kz сайтынан көруге болады.