Өскеменде Тұңғыш Президент күніне орай жомарт жандар марапатталды
Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында салтанатты кеш өтті
Ал мерекемен құттықтауға және жомарт жандарды марапаттауға облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі келді.
- Құрметті жерлестер! Сіздерді ҚР Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның қалыптасуы мен дамуында Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі еленетін күн, - деп атап өтті Даниал Ахметов.
Осы кеште "Жомарт жүрек" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Мәселен, "жыл меценаты" номинациясын "Жас" шаруа қожалығының басшысы Жанат Әзімбаев пен "ШЫҒЫС INNOVATION" ЖШС директоры Евгений Супроненко алды. Ал "Туған ел" номинациясын "Виситаев Р.Д." шаруа қожалығының иелері Константин Поп пен Тимур Виситаев алды. Ал "Ерен еріктілік" номинациясын "Зырян аудандық жастар ресурстық орталығының" директоры Марина Лисовцова алса, "Жылдың үздік ұйымы" номинациясы "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС директоры Ле Пейдж Маркке берілді.