Қазақстанда дәрі-дәрмекті жарнамалауға тыйым салынбақ
Жарнама адам психикасына әсер етеді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы концепциясының кейбір ережелері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
- Донорлық органдарды жарналамауға тыйым салынады. Жаңа кодекс жобасында бірқатар тыйым салатын нормаларын қарастырмақпыз. Бұл ең алдымен, жарнамаға қатысты. ДДСҰ және басқа ұйымдардың зерттеулері бар. Ондай жарнамаларды қарау адам денсаулығына зиян тигізеді, - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Жаңа кодекс және оған қатысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында дәрілік заттарды жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін.
- Жарнама адам психикасына әсер етеді. Шындығында, белгілі ережелер бар. Бұл антибиотиктерге де қатысты. Оларды шамалан тыс қабылдау адам денсаулығына қауіпті. Екіншісі - темекі тарту. Фильмдерде. Жасқа қатысты шектеу тек фильмнің басында ғана шығады, ал темекі тартатын сәттер фильмнің ортасында немесе соңында да болады, - дейді Б. Төкежанов.