Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    -3°
$
524.75
-2.48
540.6
-3.45
¥
71.57
-0.34
5.12
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде Борис Александровты еске алуға арналған 15-ші хоккей турнирін аяқталды

Спорт сарайында алты айға созылған жеті команданың арасында хоккей турнирі аяқталды. "Қазмырыш" командасы жеңді

Борис Александров өзінің хоккей жолын Өскеменде өтке ғасырдың 60-шы жылдары басталған. Әсіресе, оның даңқы асқақтаған кезі КСРО құрамасында өнер көрсетіп, 1976 жылы Олимпиада чемпионы атанған шағы болды. Одан кейін Канадада өткен Әлем Кубогінде тамаша өнер көрсетті.

"СКА МВО", "Спартак", Өскеменнің "Торпедо", Итальяның "Сайма-Милан" командаларында өнер көрсеткен, кейін "Торпедо" клубына қайта оралған.

1994 жылы Борис Викторович "Торпедо" командасының ойын жаттықтырушысы, кейін бас жаттықтырушы, Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып қызмет атқарған. Ал 1998 жылы "Торпедоның" спорт ұжымы Борис Викторовичтің арқасында Нагано қаласында өткен қысқы Олимпиадада 5-ші орын алған.

Қайраткер спортшы КСРО чемпионатынан үш алтын медал, үш күміс медал мен бір қола медал алған. КСРО чемпионатында 322 матч ойнап, 157 гол салған.

Аты танымал спортшының өнегесін ұлықтау үшін "Қазмырыш" компаниясы жыл сайын Борис Александровты еске алуға арналған хоккей турнирін өткізеді. Биыл 15-ші рет өткізіп отыр. Бұл жолы жеті әуесқой команда қатысты: "Марқакөл", "Метеор", "Зерновик", "Энергия", "Металлург", "Қазмырыш" және "Қазмырыш-2".

Жарыс қорытындысы бойынша "Қазмырыш" командасы жеңімпаз атанды. Бұл команданың жеті ойыншысы турнир тарихында 15 рет жарысқа қатысқан. Екінші орынды "Зерновик", үшінші орынды "Металлург" командасы еншіледі.

- Бұл турнир – өскемендіктердің дәстүрге айналған жарыстарының бірі. Қазақстанда хоккей спортын дамыту үшін 2004 жылы "Қазмырыш" Кубогіне қосымша "плей-офф" турнирін қосқан болатынбыз. Компания атынан бұл турнирді ұзақ жылдар бойы ұйымдастыруға көмектескен жандарға алғыс айтқым келеді. Атап айтқанда, Әуесқой хоккей клубы, Спорт сарайы мен "Торпедо" хоккей клубына, Қазақстан хоккей федерациясының Шығыс өңірлік филиалына алғысым шексіз. Қатысушыларға да бөлек алғыс білдіргім келеді. Жұмыс пен спортты қатар алып жүрген жандар, - дейді "Қазмырыш" ЖШС-ның әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.


Следующая →
Материал размещен на правах рекламы