Өскеменнің бір ауданының тұрғындары шұңқыр-шұңқыр көшелеріне шағымдануда
Биыл Стрелка ауданы әдемі, көркейген аудан қатарынан көрінбейді. Мұнда қайта жөндеулер жүріп және аулалар қазылған
Славский атындағы жағалаудың тұрғындары өткен жылдың күзінен бастап жүргізіліп жатқан құбырларды ауыстыру жұмыстарына наразылық білдірді. Енді қазір аула үлкен шұңқырларға айналған.
Следующая →
-Трактор келіп, шұңқырды қазып алды, жұмысшылар құбырларды ауыстырып, тастап кетті,- деп жазады Славский атындағы жағалау көшесі, 54, 56, 58-ші үйлердің тұрғындары сайттың шұғыл байланыс желісіне. - Жаңбыр жауғаннан бері аулалардың кіреберісіндегі шұңқырлардан автокөліктер шыға алмай қалады.Өскемен қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ТҮКШ бөлімі бұл аумақта құбырлардың ауыстырылып жатқандығын айтады.
- Мердігерлік ұйым жұмысын бір айда аяқтайды, - деді мекеменің басшысы Руфат Акрамов.