Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

"Қазмырыш" Зырянда тасқын судан зардап шеккендерге 32 млн теңге көмек көрсетеді

Ауданда 414 үйді су басып, оның 43-і тұруға мүлдем жарамай қалған

"Қазмырыш" облыста су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін "Парыз" қорына 700 млн теңге аударатын болды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Аудандарды су басқан кезде де аталмыш кәсіпорын көмек беруден шет қалмай, облыс басшылығымен бірге жұмыс жасауда. Жақында облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданында зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөнінде жиналыс ұйымдастырды.

- Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақының қалай өндіретіндігімізді толықтай түсінуім қажет, - деп тапсырма берді Даниал Ахметов. - Ал 25 сәуірге дейін үйлерге техникалық тексеріс жасалып, жобалық сметалық құжаты дайын болуы керек.

Аймақ басшысының тапсырмасымен Зырян ауданындағы су тасқынымен күресу үшін қосымша 150 млн теңге қаржы бөлінді. Ал жиналыс барысында Даниал Ахметов ауданға көмек көрсетіп жатқан "Қазмырыш" компаниясына алғыс білдірді.

Айта кету керек, кәсіпорын Зырян ауданына 32 млн теңге көмек қаржы бөліп, тасқынмен күрес жүргізіп жатыр.

- Риддер қаласы мен Зырян ауданында кәсіпорынның ірі бөлімшелері, онда жұмыс істейтін мыңдаған жұмысшылары бар. Ал кәсіпорынның мақсаты – су басқан аудандарда тұрып жатқан тұрғындарға көмектесіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшылары өздері бірігіп, су тасыған өңірлерге көмек көрсетуге ықылас танытып отыр. Мұны атап өту қажет. Өйткені жұмыскерлер құр металл өндіріп қана қоймай, компания бөлімшелері орналасқан өңірлердің өзі кәсіпорынның құрамдас бөлігі екендігін ұғынып отыр, - дейді "Қазмырыш" ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Ал "Қазмырыш" Аягөз ауданында зардап шеккендерге арнап 30 млн теңге көмек көрсеткен болатын.


Следующая →
Материал размещен на правах рекламы