АҚШ Ресей мен Қытайдан ядролық қару қолдануы мүмкін деп қауіптенеді
АҚШ Конгресінің зерттеу орталығы жылдам ғаламдық соққы жасаудың өзекті мәселелерін қарастырған құжатты жариялады
Бұл құжатта АҚШ-тың жер шарының кез келген нүктесіне бір сағаттың ішінде ауыр соққы жасай алатындығы айтылған, деп хабарлайды РИА Новости. Ал АҚШ мұндай қаруды жер шарындағы дау-дамайды реттеу үшін қолданылатындығын айтады.
Одан бөлек, құжатта жіберілген зымыранның Ресейдің не Қытайдың аумағы арқылы өтуі мүмкін. Мұндай жағдайда АҚШ ядросыз зымыранның ұшып бара жатқанын көрген Ресей мен Қытай ядролық қару қолдануы мүмкін деп қорқады.