Өңірде құбылмалы форель өсірілуде
Соңғы жылдары теңіз өнімдеріне, әсіресе, балық өніміне деген сұраныс артып отыр. Ол да кездейсоқ емес, себебі балық құрамында адам ағзасы үшін пайдалы элементтер мен омега-3 май қышқылдары бар
Ежелден келе жатқан сенім бойынша, егер балық өнімін жүйелі түрде қолданса, денеңе күш жиналып, ауырып-сырқамайтын боласың. Форель - су кеңістігі, мекендеушілердің ішіндегі ең пайдалысы болып саналады.
Албырт балықты тұқымдастардың бұл өкілі көптеген елдерде жеңсік ас ретінде танылған. Оның еті пайдалы, нәрлі әрі тамаша дәмімен ерекшеленеді.
Балық патшалығы
Ағымдағы жылы Зырян ауданының Ермаковка ауылында құбылмалы форель өсіретін жеке балық шаруашылығы ашылған болатын. Жазда Ертіс өзеніне жалпы ауданы 504 шаршы метр болатын 17 понтон көпірі орнатылып, үш жарым тоннадан аса шабақ жіберілді. Бір айдың ішінде олар айтарлықтай өсіп, жалпы салмағы 300 келіні құрады.
Балық өсе бастаған кезде оны басқа понтон көпіріне ауыстырады.
- Біз форельді үйлестірілген азықтармен қоректендіреміз, - дейді бас балық өсіруші Евгений Буланов.
Уылдырықтан алты айдан кейін шабақ жетіліп шығады. Ал оның дербес өсіп жетілуіне де алты ай уақыт керек.
Балық шаруашылығының жақсы дамуына Ертіс суының суықтығы да оңтайлы ықпал етуде.
Айта кету керек, балық шаруашылығы тек тірі балық жеткізіп қана қоймай, жартылай дайын өнімдерді де өндіреді. Қазірдің өзінде екі тоннадан астам құбылмалы форель өңделді.
- Бізде өнімнің 11 түрі бар. Оның ішінде әртүрлі салмақты қаптамадағы 4 түрі тұздықталған, - дейді «ТПО Ас» өндірісінің басшысы Любовь Туисова. - Атап айтқанда, классикалық тұздықтағы, жерорта теңізі тұздығындағы, ащы және қара өрік қосылған қышқылтым дәмді тұздықтарындағы форель түрлері бар. Балық өте дәмді, жұмсақ әрі сүйексіз. Сонымен қатар, өнімнің қорабында дайындау мәзірі көрсетілген. Сондықтан балықты дайындау үшін бар болғаны пешті қыздырып, оны жалпақ қаңылтыр табаға орналастыру қажет.
Осы орайда айта кетсек, форель жақында ғана күрделі жөндеуден өткен ғимаратта өңделеді.
Дәмді әрі пайдалы
Бірінші кезекте форель адам ағзасындағы холестерин деңгейін төмендетеді, бас миының жұмысын жандандыруға көмектеседі, жүйке мен артерияларды нығайтады. Жүрек аурулары, әсіресе, жүректің ишемиялық ауруы, сондай-ақ, Альцгеймер синдромы кезінде ұсынылады.
Балық құрамындағы В6 дәрумені ағзаның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажет. Ол иммунитетті айтарлықтай нығайтып, сондай-ақ, кейбір қатерлі түзілімдердің алдын алады. Ал форель құрамындағы селен қартаю құбылысын баяулатып, жастықты ұзартуға мүмкіндік береді.
- Бала кезімде әжем маған қызыл балық жеген адам ұзақ өмір сүріп, әрлі көрінетін болады деп айтатын, - дейді облыс орталығының тұрғыны Елена Черепанова. - Мен сол кезде оны түсінбеген едім. Алайда, бүгінде ең болмағанда аптасына бір рет сүйікті көмештелген форельдің дәмін татпасам, апта бойы көңіл-күйім болмайды. Сондай-ақ, ең бастысы - балықты дұрыс таңдау. Себебі, кейде сапасыз балықтар кезігеді. Өткен жылы базардан арзан бағаға балық сатып алып, опық жеген болатынмын. Біріншіден, еті аппақ әрі шырынсыз, ал екіншіден, дәмсіз болды
Омега-3 қышқылдарының үлкен көлемі жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын, сондай-ақ, көздің көруін, тері мен шаш күйін жақсартады.
Оған қоса омега-3 ағзадағы адам денесінің құрылыс элементтері болып табылатын кальцийдің сақталуына жауап береді. Тағы бір қызықты факт келтірсек, форель көңіл-күйдің көтеріңкі, тоқ жүруіне көмектеседі екен. Дәл осы форель күйзелістен қорғайтын әрі көңіл-күйді көтеретін серотиннің құрамын реттейді.
Асханада құбылмалы форельді әртүрлі әдіспен дайындауға болады: тұздап, маринадтап, қуырып, қақтап, ал егер оған тұздық құйса, дәмі тіптен тіл үйірердей болады.
«АС» фирмасында өндірілетін форельдің 11 түрі
- суытып қақталған форельдің жон еті
- суытып қақталған форельдің құрсақ еті
- кептірілген форель
- суытып қақталған форельдің бөлігі
- аршылып, жаңа мұздатылған вакуумды орамадағы форель
- классикалық тұздықтағы форель 340 г
- қара өрік қосылған қышқылтым дәмді тұздықтағы форель 340 г
- «Мексика» ащы тұздығындағы форель 340 г
- жерорта теңізі тұздығындағы форель 500 г
- аршылып, жаңа мұздатылған форель 500 г
- суытып қақталған сүйек, қылтанақтан ажыратылған форель
- тірі форель: «Арзан», «АДК», «Дос-Нар» және «Достық» сауда орындарында.