Өскемен
Бұлтты
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Семей
    -3°
  • Алматы
  • Риддер
    -3°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -4°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    -5°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +10°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
    -11°
  • Шымкент
    +9°
$
494.63
583.22
¥
71.28
6.42
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда iPhone X сатылымы басталды

iPhone өнімдерінің Қазақстандағы ресми тасымалдаушысы «Кселл» АҚ 17 қарашадан бастап «алманың» жаңа өнімін сатылымға шығарды

iPhone X смартфон бағасы – 447 мың теңге. Apple компаниясы жаңа смартфонды болашаққа арналған өнім деп отыр.

- Біз әу баста iPhone-ның үлкен дисплеймен шығарылғанын қаладық. Смартфон жасауда түртіп қолдануды емес, сөзбен, көзбен басқаруға болатындай гаджет жасап шығарғымыз келді. Ал iPhone X сөзбен басқаруға келетін гаджет, - делінген компания сайтында.

iPhone X сатып алуға алдын ала тапсырыс беруге болады. Ол үшін «Кселлдың» ресми сайтына кіріп немесе Kcell/Activ дүкендеріне барып тапсырыс берсе болады.

iPhone X-тың бірнеше ерекшеліктері бар:

- Экранның 81,5 пайызы дисплей, яғни беткі жағында бірде-бір басқыш жоқ.

- Қауіпсіздік: Смартфон иесінің бет-әлпетін оқып қана, бұғаттаудан ашылады. Сіздің әлпетіңіз – бұл пароль. Смартфон өз иесін қараңғы жерде де «тани» алады. Шарф тақсаңыз да, көзәйнек пен бас киім кисеңіз де Сіздің әлпетіңізді ажырата алады.

- Телефон арқылы сөйлесе отырып, iMessage бағдарламасы арқылы сөйлесуші адамның бейнесін көруге болады.

- Сапалы суретке түсіреді. «Портрет» режімін пайдалан отырып, селфи жасау кезінде фотосуретті әлдеқайда сапалы, әдемі етіп шығаруға болады.

Смартфонның екі корпусы бар: күміс түстес корпус, сүр түстес корпус. Жады – 64 Гб және 256 Гб. 

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: АО "Кселл" iPhone X