Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

«Казцинк» сумен тазалау кешенін жаңартпақ

«Казцинк» кәсіпорны Өскеменде орналасқан металлургиялық кешеннің сумен тазалау қондырғысын 2018 жылы жаңартатынын хабарлады

Жөндеу жұмыстарынан кейін судағы мырыштың құрамы әлдеқайда азаймақ. Ал қалпына келтіру жұмыстарына Санкт-Петербург ғалымдары ойлап тапқан сорбент сығындысы қолданылмақ.

- Су кешеніне тартылған судың 98,5 пайызы қайта жіберіледі. Қалған бір жарым пайызы кешенде арнайы температураны ұстап тұру үшін қолданылады. Жаңа технологияны қолдану арқылы көлемі бір текше метр су құрамындағы мырыштың мөлшерін 0,01 миллиграмға дейін төмендейді, - дейді «Казцинк» ЖШС-нің бас экологы Қазтай Такеев.

Суды металдан тазалаудың бұл технологиясы екі жыл бойы тәжірибеден өткен. Технология өзінің тиімділігін көрсете алғандықтан, кәсіпорын жаңа әдісті өз кешенінде қолдануды ойлап отыр.

Мемлекеттік сараптамадан өткен соң, су кешенін жөндеу жұмыстары басталмақ. Жоспар бойынша бұл 2018 жылға сәйкес келіп отыр.

Айта кету керек, бұл «Казцинк» кәсіпорнының табиғатты қорғау мен экологиялық жағынан таза өндірісті қалыптастыру жолында жасаған жаңа жобаларының бірі. Бұған 2 млрд теңге жұмсалады.


Следующая →
Материал размещен на правах рекламы