Синоптиктер қыс қатты болады деп отыр
Күн райын болжаушылар биылғы қыстың ерте түсетіндігін әрі қардың аз, күннің аяз болатындығын айтады.
Бұған Солтүстік мұзды мұхитынан келетін арктикалық ауа массасы себеп. Аяз қарашаның аяғында-ақ басталмақ. Солтүстік облыстарда ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді.
Ал Азия маңында пайда болған антициклон желтоқсан айында қардың аз түсуіне себепші болады. Ал қар қаңтарда жиілеп, күн жылдағыдан 1-2 градусқа суық болмақ.
Ал ақпан айында қар қалыңдап, боран күшейеді.
Көктем тез келмейді. Наурыз айының өзінде жерді қар басып жатпақ.