Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

Зауыттағы рекорд

Өскемен металлургиялық кешенінің мыс қорыту зауыты бір айдың ішінде үш рет рекорд орнатты.

«Казцинк» ЖШС-нің Өскемен металлургиялық кешені мыс өндіру зауытының кеншілері өзара жарыс ұйымдастырып, бірнеше күн қатарынан мол өнім өндірді.

Мәселен, 17 қазан күні мыс қорыту цехінің екінші ауысым кеншілері арасынан Омар Абылғазинов қоймалжың қорытпа өндіруден рекорд орнатып, бір ауысым ішінде 755,4 тонна қорытпа алды.

- Мыс қорыту жұмыстары толықтай автоматтандырылған, сонда да оператордың нұсқауы нәтижеге тікелей әсер етеді. Ол температура, қорытылып жатқан өнімнің химиялық құрамы сынды параметрлердің барлығын реттеп отыруы тиіс. Пештегі металдың қорытылуын бақылап отыру бәрінен де қиын, - дейді «Казцинк» ЖШС-нің Өскемен металлургиялық кешені мыс өндіру зауытының басшысы Ермек Қизаметдинов.

Мыс зауытында рекорд орнату әдетке айналған. Омар Абылғазиновтың рекорды ертеңінде-ақ, 18 қазан күні-ақ, жаңарды. Екінші және үшінші ауысымның операторлары бірігіп 1442,6 тонна қорытпа өндіріп шығарды. Ал бұл мұның алдындағы көлемнен 27 тоннаға артық.

- Біздің ұжым кеншілері өздеріне мақсат қоя біледі. Бір-біріне қолдау білдіріп, жетістікке бірге жеткенді қалайды. Мәселен, екінші және төртнші ауысымның «жігіттері» бірігіп, үшінші рет рекорд жаңартты. Олар 1464,6 тонна қорытпаны өндіріп шығарды, - дейді Ермек Владимирович.

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы
Тақырыптар: Компания "Казцинк"