АЗИЯ АВТО Астанадағы ЭКСПО-2017-де электронды LADA Vesta-ны ұсынды
Электромобилдің бір шақырымдық жүрісі жанармайлы көшірмесінен бес есе төмен, ал оның бір заряды 150 шақырымға жетеді
LADA Vesta седанының электронды модификациясы «АЗИЯ АВТО» зауытының автокөліктің платформасында шығарылып, халық назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Vesta EV қойылымы Қазақстанның Энергетика министрлігінің экспозициясы аясында ұсынылды.
- Астана тұрғындары мен көрме қонақтарына Renault-Nissan-АВТОВАЗ альянстары серіктерімізбен жасалған жаңа электромобильді ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз. Renault-Nissan электромобиль шығаруда жетекші орында - концерн электрлі тартылымдағы автоларды сатудың 40 пайыздық үлесіне ие болып отыр. LADA Vesta EV өзіне АВТОВАЗ желісінің құндық қолжетімділігі мен Renault-Nissan-ның үрдісті технологиялық шешімдеріне ие болып отыр, - дейді «АЗИЯ АВТО» АҚ Президенті Ерік Сағымбаев.