"Киелі Шығыс" оқу-танымдық турларының қорытындылары
Облыс қалалары мен аудандарының 7-8 сынып оқушылары арасындағы "Киелі Шығыс" атты интеллектуалды байқаудың 200 жеңімпазы бағыттар бойынша оқу-танымдық турларға қатысты

Облыс қалалары мен аудандарының 7-8 сынып оқушылары арасындағы "Киелі Шығыс" атты интеллектуалды байқаудың 200 жеңімпазы бағыттар бойынша оқу-танымдық турларға қатысты:
- Берел (а.ж. 8-10 шілде);
- Сібе көлдері - Таулы Үлбі - Шемонаиха (а.ж. 12-14 шілде);
- Қиын-Керіш (а.ж. 15-17 шілде);
- Таулы Үлбі - Риддер қаласы (а.ж. 22-24 шілде).
Турға қатысушылар Ақбауыр тарихи-археологиялық кешеніне, Аблайкит буддалық монастірін, Мойнақ шатқалына, Қиын-Керіш шатқалына, Берел қорғандарын, Бестерек ауылындағы ғылыми-зерттеу орталығына, Шыңғыстай ауылындағы О. Бөкейдің үй-мұражайына, Риддер қ. тарихи-өлкетану мұражайына, Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайына, "Марьин утёс", ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының солжағалық кешені, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Батыс Алтай қорығында тамашалады. Сондай-ақ оқушылар Зайсан көліне, Сібе көлдерінде, Бұқтырма су қоймасына барды.
Қызықты әрі мазмұнды турлар кәсіби гидтердің, педагогтардың, спорттық туризм бойынша жаттықтырушылардың, полиция қызметкерлерінің, медицина қызметкерлерінің сүйемелдеуімен өтті. Турлар барысында балалар үшін туризм негіздері, жергілікті жерде бағдарлау, жаяу жүру маршруттары, спорттық ойындар мен эстафеталар, тимбилдингтер бойынша шеберлік сыныптары мен оқу-тәжірибелік сабақтар өткізілді.
@shygys_bilim_basqarmasy
#киелі_шығыс_қазақстан_2025
Фото профиля shygysdaryny
shygysdaryny