Өскемен
ясно
+36°
  • Өскемен
    +36°
  • Алматы
    +38°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +35°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +34°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +34°
$
544.87
639.02
¥
76.02
6.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сахнадағы шындық: Семейде жастар театры өзекті мәселелерді көтерді

ШҚО «Ассамблея жастары» жастар театры қойылым барысында айналып өтуге болмайтын тақырыптарды көтерді — нашақорлық, ойынқұмарлық және әрбір таңдаудың маңызды болатын өмір

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Сахнадағы шындық: Семейде жастар театры өзекті мәселелерді көтерді

Семей қаласында Шығыс Қазақстан облыстық «Ассамблея жастары» жастар театры кезекті әсерлі қойылымын ұсынды. Бұл жолы сахнада әлеуметтік маңызы зор, бүгінгі қоғамда жиі үнсіз қалатын, бірақ жан ауыртатын тақырыптар көтерілді. Спектакль «Birligimiz jarasqan» жобасы аясында өтіп, көрермендердің жүрегіне жол тауып, үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Ustinka LIVE тілшісі.

Қойылымда жастар арасындағы нашақорлық, лудомания (құмар ойынға тәуелділік), жалғыздық және тығырықтан шығуға деген талпыныс секілді өткір әлеуметтік мәселелер шынайы бейнеленді. Сахнадағы кейіпкерлер өмірдің өзінен алынғандай – таныс, шынайы және жүрекке жақын. Актерлердің шебер әрі жан тебірентерлік ойыны залдағы әрбір адамды бейжай қалдырмады.

Қазақстанда баламасы жоқ бұл театр ұжымы тағы да өз кәсібилігін дәлелдеп, өнердің қоғамға қызмет ететінін көрсетті. «Ассамблея жастары» — бұл жай театр емес, жастардың шынайы үнін жеткізетін алаң. Олар көрерменмен жалған пафоссыз, шынайы тілмен сөйлеседі.

Қойылым соңында залда ерекше тыныштық орнады. Әдетте қошеметке толы сахна бұл жолы үнсіз ойға шомған көрермендермен толды. Көпшілігі актерлерге алғысын білдіріп, қойылымның маңыздылығын атап өтті. Бірі өз баласын көргендей болды, бірі — танысын, көршісін немесе сыныптасын таныды. Бұл тек сахнадағы оқиға емес, әрбір жанға әсер еткен өмірлік шындық болды.

«Birligimiz jarasqan» жобасы шығармашыл жастарды біріктіріп, қоғамдағы маңызды мәселелерді сахна арқылы көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Бұл жоба — өнер мен қоғамның үйлесімді үндестігін танытатын нақты мысал.

«Ассамблея жастары» театры — шабыттандыратын, ой салатын және өмірді жақсы жаққа өзгертуді мақсат еткен шығармашылық топ. Олардың әр қойылымы — бұл тек өнер туындысы ғана емес, қоғаммен арадағы ашық әңгіме.

Театрдың келесі қойылымы Астана қаласында өтеді. Елордалық көрермен де осы бір әсерлі әрі шыншыл өнер кешінен өзіне қажетті ой түйіп, қоғамдағы өзекті мәселелерге жаңаша көзқараспен қарайтынына сенім мол.

Следующая →