Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да 230 көпбалалы отбасыға үй беріледі

Үйдің құжаттары бір айдың ішінде дайын болмақ, содан кейін көпбалалы аналар қоныс тойын тойласа болады

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда аудан мен ауылдарда тұрып жатқан 556 көпбалалы ана баспанаға мұқтаж, деп хабарлайды Устинка LIVE. 

Облыс әкімдігі алдымен ауылдағы аналарға баспана алып беру мәселесін шешіп алып, кейін қаладағы көпбалалы аналарға баспана беру мәселесіне кірісуді жоспарлап отыр. Ауылдағы аналарға күзге дейін баспана беріліп бітуі тиіс. Барлығы 230 баспана алуға бюджеттен тыс 560 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

- Бірінші кезең аяқталды: 230 отбасыға үй берілді. Он күннің ішінде заңды құжаттары дайын болады. Біз жұмысты одан әрі жалғастырамыз, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы отбасылардың мәселесін қарастырумен айналысатын комиссия отырысында.

Қала мен аудан әкімдіктері енді екінші кезеңге кіріспек, яғни 309 отбасыға баспана табу мәселесімен айналыспақ. Бұл отбасыларға "Бақытты отбасы" ипотекалық бағдарламасы арқылы баспана беру мәселесі жолға қойылмақ.

- Бұл бағдарламаның артықшықтары көп. Зайым сомасы 10 млн теңге, 20 жылға дейін беріледі. Жылдық пайызы 2%-ке тең. Алғашқы жарна 10 пайызды құрайды, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Алмас Сматлаев.

Аталмыш бағдарламаға қатысуға қабілетті 1258 отбасының барлығына анализ жасалады. Олардың жас мөлшері, ресми табысы мен несиелік жағдайы тексеріледі. Егер бағдарлама талаптарына сай келетін болса, онда бұл отбасыға пәтер алуға қажетті алғашқы жарна 1 млн теңгелік сертификат берілмек.


Следующая →