Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жүздеген қазақстандық әскерилер "АРМИ-2021" ойындарына аттанады

Әскери ойындарға дайындық эпидемиологиялық шараларды ескере отырып ұйымдастырылды. Ойынға баратын топ мүшелеріне шілденің ортасына дейін екпе салу аяқталады

Қазақстан "ARMY-2021" халықаралық армия ойындарына қатысу үшін 300-ге жуық әскери қызметкерді жібереді, деп мәлімдеді Қорғаныс министрінің кеңесшісі генерал-майор Әділбек Алдабергенов.
- Биыл армия ойындарына біздің Қарулы Күштеріміздің әскери қызметшілерінен 300-ге жуық адам қатысады. Біз 11 сайыста бақ пен бап сынаймыз. Бұл "Танк биатлоны" - танк экипаждарының жарысы, "Әуе-десант взводы" - десантшылардың жарысы, "Эльбрус Ринг" - альпинистердің жарысы, "Адал дос" - кинологтардың сайысы, - деді Әділбек Алдабергенов.
Сондай-ақ, қазақстандық әскерилер "Мәдениет армиясы", "Теңіз кубогы", "Тактикалық атқыш", "Жылқы марафоны", "Артиллериялық атыс шеберлері", "Сұңқар" және "Әлем жауынгері" сайыстарына қатысады.

Оның айтуынша, армия ойындары жарыстың 34 түрі бойынша 12 елде өтеді. Оның ішінде 16 жарыс Ресейде, үш-үш жарыстан Қытай, Иран, Беларуссияда, екі-екі жарыстан Вьетнамда, Қазақстан мен Өзбекстанда, ал Алжирде, Армения, Катар, Моңғолия және Сербия - бір-бір жарыстан.
- Командаларды қаңтар-наурыз айларында бригадаларда, жергілікті аймақтық бөлімшелерде іріктелді. 12 сәуірде біз дайындықтың бірінші кезеңін бастадық, команда мүшелерінің жартысынан астамы қатысты. 28 маусымға дейін біз қосымша іріктеу жүргіземіз. 14 маусымнан 6 тамызға дейін жаттығуды жалғастыратын ұлттық құрамалар ғана қалады. 6 тамыздан бастап олар байқау өтетін жерлерге тарай бастайды, - деп түсіндірді Қорғаныс министрінің кеңесшісі.
Ресей қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, "ARMY-2021" ойындары 22 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді.
Следующая →