Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі "Қазақстан" саябағының аттракциондарын комиссия тексереді

Облыс орталығының басшылығы саябақтағы ойын-сауық аттаркциондарының қожайындары көптеген ереже-заңдарды бұзып жатыр деп күдіктенуде

Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар келушілер үшін ашылған демалыс аймағында болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде саябақ аумағында қауіпсіздік талаптарының сақталмайтындығы туралы шағымданғаннан кейін қала әкімшілігі "Металлург" саябағын тексеруге шешім қабылдады. Қала басшысы бірнеше жергілікті басқарма өкілдерімен бірге Металлург саябағының көрікті жерлерін қарап шығып, олардың иелері іс жүзінде заңда белгіленген ережелерді әрдайым сақтай бермейді деген қорытындыға келді.

Мәселен, қала тұрғындары мен қонақтары жиі отыратын карусельдер мен басқа да ойын-сауық аттаркциондарын қауіпсіздік туралы нақты түсініктеме бере алмайтын кәмелетке толмағандар қызмет көрсетеді. Сонымен қатар қала әкімдігінің инспекторлары көп қожайындар өздерінің аттракциондарының санитарлық тазалығына мән бермейтіндігін анықтады.
- Саябақтағы жер мемлекет меншігінде, аттракциондар ғана жеке меншікте. Олармен арадағы жағдайды неғұрлым нақты түсіну үшін біз арнайы комиссия құрдық. Ол парктегі барлық аттракциондардың жағдайын тексереді. Біз осындай тексеріске лицензиясы бар техникалық зертханаларға жүгінеміз. Келесі аптада бес күн ішінде тексереміз, - деп түсіндірді Өскемен әкімі Жақсылық Омар. 
Жақсылық Омардың айтуынша, комиссия құрамына төтенше жағдайлар қызметі, полиция, қала әкімдігінің бөлімдері мен техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері кіреді. Комиссияны облыс орталығы әкімінің орынбасары Денис Федченко басқарады.
- Бүгін көрініп тұрған заң бұзушылықтар да назардан тыс қалмайды. Мен полиция мен эпидемиологтардан аттракциондар иелерінің қалалық санитарлық дәрігердің талаптарын сақтауын бақылауды сұрадым. Олар бұл мәселемен айналысады. Содан кейін біз талаптарға сәйкес келмеген аттракциондар парктерінің иелеріне қатысты не істеу керектігін шешеміз, - деп сендірді қала басшысы.
Жақсылық Омар сонымен қатар Металлург саябағы алдағы жылдары үлкен өзгеріске ұшырайтынын айтты. Бес күндік тексерістен кейін билік осы демалыс аймағын жайластыруға және жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар дайындай бастайды. Әкім уәде еткендей, келесі жылдан бастап, егер қаржы табылса, саябақ ретке келтіріледі.
Следующая →