Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен – Алматы тас жолы 2022 жылы бірақ ашылатын болды

Республикалық маңызы бар жолдың қайта қалпына келтіру жұмыстарына 70 миллиард теңге көлемінде қаржы құйылғалы жатыр

Аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы жергілікті жауапты органдардың былтырғы жылы бітірген жұмыстары мен тындырған шаруалары жайлы  Қоғамдық Кеңестің алдында есеп берді. Әкімнің есеп беруі онлайн, бейнеқоңырау конференциясы түрінде өтті.

Облыс басшысы өзінің баяндамасында мәлімдегендей жол-көлік құрылымына өткен жылы 88,8 миллиард қаржы жұмалған екен. Жақсы және қанағаттанарлық сападағы жолдың үлесі 85%-ға жеткен.
- Республикалық маңызды жолдарды қайта қалпына келтіруге енді бюджеттен 70 миллиард теңге жоспарланып отыр. Өскемен – Алматы тас жолының Қалбатау – Майқапшағай автожолының 200 шақырымында қозғалысқа рұқсат беріледі. Жалпы жол құрылысы толығымен 2022 жылы аяқталады. Сонымен бірге 3,3 мллиард теңгеге облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары басталады. Жалпы алғанда биылғы жылы жол-көлік құрылымына 86,7 миллиард теңге жұмсалатын болады, - дейді Даниал Ахметов.
Таскескен – Бақты тас жолының 20 шақырымына жүргізіліп жатқан жөндеу де бітуге жақын. Ол аяқталған соң Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары тас жолындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Шығыс өңіріндегі инфрақұрылымның дамуы үшін аса маңызды Өскемен және Үржар әуежайларын жөндеу жұмыстары да жалғасын табады. Бұқтырма су қоймасының үстіне салынатын көпір де аталымыш жобаға кіреді.
Следующая →