Өскемендегі қай автобустарды қосымша арқылы бақылап отыруға болады?

Электронды билеттеу аясында іске қосылған қоғамдық көлік новигаторы біртіндеп қызметін жаңартып отыр
01 желтоқсан 2020 года, 16:08 1313 Виктор Скрипниченко
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Какие автобусы теперь можно отследить через приложение, рассказали в Усть-Каменогорске
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © oskemencard.kz
Жолаушылар тасымалын бақылау орталығындағылар  OskemenBus қосымшасына қандай бағыттағы автобустар қосылғанын айтты.

Бүгіннен бастап № 13, №53, №58, №352 және №356 бағытындағы автобустардың да қай жерде келе жатқанын көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Өскемен қаласында қоғамдық көліктің дәл қазіргі уақытта қай жерде келе жатқанын бақылап отыруға мүмкіндік беретін  OskemenBus мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұған дейін бұл қосымша арқылы барлық трамвайлар мен қалалық бағыттағы № 3,12,60 автобустар ғана болған. Электронды билеттеу жүйесі іске қосылған соң барлық бағыттағы автобустарды көруге мүмкіндік болады.

Мобильді қосымшаны AppStore және Google Play-ден жүктеп алуға болады.



Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз