Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде Жаңа жылды тойлау үшін қанша қаржы бөлінді?

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында қала әкімшілігі көшелерді безендіру бойынша іс-шараларды өткізу жөнінде мәселені қарады

Әкімдік хабарлағандай, 2020 жылы көшелерді мерекелік безендіруге 40 миллион тенгеге жуық қаражат бөлінді. Ал 2019 жылы 35 миллион тенгеге жуық бөлінген болатын.

- Қаражаттың негізгі бөлігі безендіруге арналған заттарды монтаждау мен қолдануға, оның ішінде биіктікте атқарылатын жұмыстар мен автомұнараларды пайдалануға бағытталады, - деп мәлімдеді қала әкімдігі. - Гирляндалар мен басқа да безендіруге арналған заттар қорына келетін болсақ, көп мөлшері өзімізде бар материалдармен қамтылады. Мысалы, Республика алаңындағы жасанды шырша мен үш интерактивті шыршалар осымен үшінші рет қолданылмақ. Бірақ биыл жаңа гирляндаларды сатып алуға біраз шығын шығады.

Осы жылы қалада жаңажылдық бос уақытты өткізуге болатын қосымша орындар пайда болды: 19 ықшам ауданындағы және Назарбаев даңғылындағы аллеялар. Осы ретте бөлінген қаражаттың бір бөлігі жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.

- Жаңа түстегі жаңа гирляндалар Республика алаңы мен Арбатта пайдаланылады (бұған дейін мұнда ақ гирляндалар мен сүңгі-жарықшамдар болған), - дейді әкімдіктегілер. - Ал өткен жылғы құрал-жабдықтар жаңа аллеяларды және Комсомольский аралын, Алтай стадионын, Ушанов алаңы мен Комендантка арнасын безендіруде қолданылады. Қосымша бұл жерлерде мұз айдыны жасалады.

Сонымен қатар, Жаңа Жылға дайындық бойынша негізгі жұмыстар 17 желтоқсаннан кейін басталатынына назар аударамыз. Яғни, еліміздің ең маңызды мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні тойланғаннан кейін.
Следующая →