Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Бородулиха ауданы қысқа сақадай сай

Бородулиха ауданында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары тексерілді

Нәтижесінде аудандағы көп қабатты тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелердің қазандықтары жөндеуден өтіп, жылыту маусымына сақадай сай екеніне көз жетті.

Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Бородулиха ауылындағы қазандықтарға толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. 
- Осы жылы аудандағы көп қабатты тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелердің қазандықтары жөндеуден өткізілді. Жылыту маусымына сапалы дайындалу және ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің, әсіресе, қысқы кезеңде тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін аудандық штаб отырысы өтті. Онда халық үшін көмір бағасын тұрақтандыру және өсуіне жол бермеу мәселелері, сондай-ақ, қазандықтардағы жөндеу жұмыстарының барысы қаралды, - деп хабарлады аудан әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 
Аудан әкімдігінің мәліметінше ауданда 280 тонна көмір жиналған. 
- Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Бородулиха ауылындағы қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мысалы, "Балдәурен" балабақшасына және екі төрт пәтерлі тұрғын үйге жылу беретін №4 жылыту қазандығын жөндеу барысында, бір қазандық толықтай ауыс-тырылып, екіншісі орташа жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, екі бес қабатты және екі үш қабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін №7 қазандық жөнделді. Бес жұмыс орны құрылды. Бородулиха ауылындағы 6 тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік мекеме "Коммуналдық шаруашылық" КММ-на қарасты 6 автономды қазандықтар арқылы жылытылады. Сонымен қатар, осы жылы Жезкент кентінің №41 тұрғын үйін жылытатын "Востокэнерго" ЖШС өндірістік қазандығы жөнделді, - дейді әкімдік.

Следующая →