Оқу жылы басталғалы ШҚО-да төрт бала КВИ жұқтырған

Балалардың коронавирус инфекциясын жұқтыру фактісі Шемонаиха, Көкпекті және Алтай аудандарында анықталды
24 қыркүйек 2020 года, 11:44 688 Анна Коцарева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Четыре школьника заболели КВИ с начала учебного года в ВКО
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © Архив редакции
Науқас балалар білім алатын мектептер шағын кешенді мектептер. 

ШҚО Тауарлар  мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұсынған мәліметтері бойынша, Шемонаиха ауданындағы 4-сынып оқушысы, Көкпекті ауданының 11-сынып және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы коронавирус жұқтырған.

- ШҚО бойынша екі сынып (Щемонаиха және Алтай аудандары), Көкпекті ауданындағы бір мектеп 14 күнге карантинге жабылған, - деп мәлімдеді мекемедегілер. - Мектептегі коронавирус инфекциясы ошағы болып табылатын сыныптарды қашықтан оқыту туралы қаулы қабылданды.  COVID-19 вирусы анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы, дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз