Нұр-Сұлтандағы түнгі клубтардың бірінде карантинді бұзғандар анықталды
Елордалық полицейлер түнгі клубта жиналып, карантин режимін бұзған 70 адамды ұстады
Таңғы 4 жарымдарда полция бөліміне "Алания" түнгі клубының жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғимаратқа полиция жасағы аттанған. Тәртіп сақшылары келген кезде клубта 70 адам болыпты. Олардың кейбірі барда болса, енді бірі билеп тұрған.
Келушілер ешқандай санитарлық нормаларды сақтамаған. Жастар ғимарат ішінде медициналық маскасыз жүрген. Әлеуметтік қашық мүлдем сақталмаған.
Осы дерек бойынша материалдар ереже бұзғандарды жауапқа тарту үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау басқармасына жіберілген.
Полицияның айтуынша, бұған дейін аталған ғимарат басшылығы карантин режимін бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Следующая →
Тақырыптар:
Ноыной клуб Нарушениекарантинного режима Коронавирус в Казахстане Ограничительные меры в Казахстане