Өскемендіктерге шіркейлер шабуыл жасады

Ызыңының өзі ығырды шығарып жіберетін қансорғыш жәндіктер адамдарға үйде де, көшеде де маза берер емес
22 қыркүйек 2020 года, 13:12 585 Татьяна Золотарева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Жителей Усть-Каменогорска атаковали стаи мошек
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © В.Иванов/Устинка LIVE
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 30-шы гвардиялық дивизия  көшесі, Ертіс өзені жағалауының тұрғындары дүкенге барсақ та, далаға шықсақ та, үйге кірсек те әбден мезі етті. Жәндіктерге арналған себетін дәрілер мен жабыстырғыш заттардың көмегі тиіп жатқан жоқ. 1-2 күннен кейін қаптап кете береді деп дабыл қағуда.

Қалалықтар көшеде жүргенде басын шайқамай, қолдарын сілтемей жүре алмай қалды.
- Жаңа салынған студенттер гүлзарына бару мүмкін емес. Аузы-мұрнымызға, құлағымызға шейін кіріп кетеді. Шынымен, әбден есімізді шығарды. Сепкіш дәріден олардан бұрын өзіміз уланып қаламыз. Ал оларға түк әсер етпей ұшып жүре береді, - дейді Екатерина есімді оқырман.
Әйгерім есімді қала қонағы: - Өзен жағасында серуендеп жүрсем, қолымдағы кофенің түтікшесі арқылы аузыма кіріп кетті. Тіпті ақылға қонымсыз, - деп таңқалады.

Орнитолог-ғалым Борис Щербаков:

 - Көктем, жаз, күз мезгілі үшін бұл қалыпты жағдай. Маса-шіркейлердің "думан сауығы" ұзаққа бармайды. Алғашқы суық күндер басталысымен бәрі қырылып қалады, - деп түсініктеме берді. - Оған қоса тоғандардағы, өзен-көлдердегі су қазір жылы болып тұрғандықтан,  дернәсілдері көбейіп жатыр. Ара, шыбын, сона, маса, шіркей секілді жәндіктерге биылғы жыл қолайлы болды. Адамдарға қорқудың қажеті жоқ. Қайта табиғаттың өзі екіаяқтылардың қатысуынсыз тепе-теңдікті реттеп отыр.

Өскемендіктер болса жәндіктер эпидемиялық жағдайды одан әрі қиындатып жібере ме деп қауіптеніп отыр. Өйткені олар ұшып-қонып қана қоймай, адамдарды шағатындықтан вирус тасымалдап, инфекциялық аурулардың қозуына әкеп соғау да ғажап емес. Сол кезде бетперденің де, антисептиктің де, оқшауланудың да пайдасы болмай қалады. Терапевт-дәрігердің айтуынша, шіркейлер аллергия тудыру мүмкіншілігімен қауіпті. Олар шаққан жер ісінеді, қышиды, қызарады, бөртеді. Аллергияға қарсы дәрі-дәрмектерді пайдалану арқылы алдын алуға болады. Ал қансорғыштардан денені толықтай жауып киіну арқылы ғана сақтанған абзал.

- Қазір жәндіктермен күрес аяқталған. Саябақтар, гүлзарлар, субұрқақтар, өзен жағалауы маса-шіркейлерден 3 рет тазартылды. Бюджет қаржысы толықтай игерілді. Тұрғындарға өздерінің қауіпсіздігі үшін сыртқа шыққанда масаға қарсы дәрі алып жүрген дұрыс, - дейді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және  авокөлік жолдары бөліміндегілер.
Билік өкілдері ызыңдаған қансорғыш "көршілерімізді" жою үшін келесі жылы көбірек істер атқарар деп үміттенеміз.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз