Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Кәсіпкерлер ауруханаларға демеушілік жасады

Дәрі-дәрмек пен қорғаныс киімдерімен қамтамасыз етті

"Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы " Қорының құрылтайшылары, жерлес кәсіпкерлер Серік Толықбаев пен Қайрат Ахметовтың демеушілігімен аудандық орталық және ауданаралық 2 ауруханаға коронавирустың таралуын болдырмау және оның алдын алу мақсатында қажетті қорғаныс заттары мен дәрі-дәрмек сатып алынды.

Атап айтсақ, меценаттар екі ауруханаға 600 дана бірреттік қорғаныс костюмдері, 600 респиратор және 100 литр антисептик алып берді.

Аталмыш Қордың атқарушы директоры Серік Жүнісовтің айтуынша, бүгінде сатып алынған заттармен қоса, алдағы уақытта ауруханалар қосымша тағы қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілмек. Қор құрылтайшылары бұл іске барлығы 9 миллион теңге жұмсаған. Оның 7 миллионын аталмыш Қордың бас құрылтайшысы Серік Толықбаев, қалған екі миллионды Қайрат Ахметов бөлген.
- Осындай ауыр кезеңде жерлестеріне әрдайым қамқорлық танытып жүрген Серік Толықбаев бастаған жомарт жүректі азаматтарымызға ризашылығымызды білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз, - дейді аудандық орталық аурухана бас дәрігері Сәуле Байгереева.

Следующая →