Ауладағы қоқыс жиналмағалы біраз болған
Қала тұрғындарының бірі 30-шы гвардияшылар дивизиясы көшесі, 18 үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінің маңы шашылып жатқанын айтып шағымданған еді
Бұдан тыс тағы бірнеше тұрғыны да ауладағы қоқыстың ұзақ уақыт бойы тазаланбайтындығын айтқан болатын. Мәселеге көз жеткізу үшін аталған мекенжайға біз де келдік.
30-шы гвардияшылар дивизиясы көшесін бетке алып келе жатқанымызда осы маңайдағы бірнеше көшені басып өттік. Сондағы байқағанымыз - көбінде осындай жағдай. Бірінен бірі өтеді. Ағаштың бұтақтары, көрпе-жастық тағы да басқа қоқыстар шашылып жатыр. Жауапты мекеме тек қоқыс жәшігінің ішін ғана тазалап, маңына мән бермейтін сыңайлы. Атап айтсақ, Тимирязев көшесі, 183, 179в; 30-Гвардиялық дивизия, 8; Алматы көшесі, 72, сонымен қатар Космическая,17 мекенжайларында тұрмыстық қалдықтар әлі жиналмай жатыр. Ал тұрғындар болса, қаладағы тазалық шараларын күшейтпей, індеттің алдын алу қиын екенін айтады.
Алайда қалалық ТҮКШ мамандары жауапкершілік өз ауласына қоқыс шашқан тұрғындардың және сол үйдің пәтер иелері кооперативінің мойнында екенін айтады.
Следующая →
- Шіліңгір ыстықта қоқыстан шыққан жағымсыз иістен кешке аулаға да шыға алмайтын болдық. Қоқыс жәшігінің маңы тазаланбағанына біраз уақыт болды. Аула тұрғындарының көбі бөгде иістен тыжырынып, қоқысты алыс-тан лақтырып кетіп жатады. Ал күн ұясына бата берісімен қаңғырған иттер қоқысқа қаптап, ауыз-мұрнынан шыға шашылған қоқысты одан әрмен шашады. Біз осыған жауапты мекеме қоқысты тез арада тазартса екен дейміз. Бұл жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанып отыр. Біз сонда қоқыстан қашан көз ашамыз? - дейді қала тұрғыны Сәуле Қайырбекқызы.Оқырманымыздың хабарласуы бойынша арнайы сол көшеге барған едік. Қатарынан тізілген 4-5 қоқыс жәшігінің айналасы қолқаны қабар күлімсі иісімен маңайына кісі жолатар емес. Бұл жерде тарақан, қырықаяқ сынды түрлі жәндіктер мен кеміргіштер де пайда бола бастаған. Тіпті тұрғындар бұндай жағымсыз иістен түрлі аурудың таралуы мүмкін екенін айтып алаңдауда.
30-шы гвардияшылар дивизиясы көшесін бетке алып келе жатқанымызда осы маңайдағы бірнеше көшені басып өттік. Сондағы байқағанымыз - көбінде осындай жағдай. Бірінен бірі өтеді. Ағаштың бұтақтары, көрпе-жастық тағы да басқа қоқыстар шашылып жатыр. Жауапты мекеме тек қоқыс жәшігінің ішін ғана тазалап, маңына мән бермейтін сыңайлы. Атап айтсақ, Тимирязев көшесі, 183, 179в; 30-Гвардиялық дивизия, 8; Алматы көшесі, 72, сонымен қатар Космическая,17 мекенжайларында тұрмыстық қалдықтар әлі жиналмай жатыр. Ал тұрғындар болса, қаладағы тазалық шараларын күшейтпей, індеттің алдын алу қиын екенін айтады.
Алайда қалалық ТҮКШ мамандары жауапкершілік өз ауласына қоқыс шашқан тұрғындардың және сол үйдің пәтер иелері кооперативінің мойнында екенін айтады.
- Қоқыс шығаратын компаниялардың пәтер иелері кооперативімен жасасқан келісімдерінде негізі тек қана қоқыс жәшігін тазарту міндеттелген, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ бөліміндегілер. - Яғни, бокс айналасында жатқан тұрмыстық қалдықтар мен жиһаз, сенбіліктерден қалған шөп, бұталарды жинап алуға міндетті емес. Ондай қалдықтарды шығару үшін ПИК өзіне қызмет көрсететін коммуналдық компаниялармен немесе басқа да жеке тұлғалармен қосымша келісуі керек. Былай айтқанда оның барлығын ПИК ұйымдастыруы қажет.