Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Келiсімшарт бойынша әскери қызмет – нағыз еркектерге арналған

ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаменті келiсімшарт бойынша әскери қызметке әр түрлі лауазымдарға қызметке азаматтарды шақырады (ШҚО ішінде)

Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар
1. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
2) қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға;
3) келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретіндер немесе сарбаздар (матростар) құрамының жəне кіші сержанттық құрамның лауазымдарына тағайындалу үшін – жиырма бес жастан аспау керек, мерзімдік әскери қызметті өткергендер.

Бұрын келісімшарт бойынша әскери қызметтен шығарылған үміткерлер қарастырылмайды.

Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес, әскери қызметкерлерге белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған:
  •  алғашқы келісімшарт 3 жылға жасалады, орташа жалақы лауазымға байланысты 120 000 теңгені құрайды, 2021 жылдың қаңтарындан бастап 260 000 теңгеге дейін көтеріледі; 
  •  жыл сайын демалыс беріледі және шамамен 200 000 теңге көлемінде сауықтыру көмегі төленеді;
  • арнайы норма бойынша киім-кешекпен тағы да басқа арнайы жабдықтармен қамтамсыз етіледі;
  •  жоғары әскери оқу орнына түсуге мүмкіндік болады;
  •  іссапар кездерінді іссапар куәлігі төленеді;
  •  тұрғын үймен қамтамасыз етіледі (ай сайын ағымдағы тұрғын үй төлемдері); 
  •  әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүзеге асырылады;
  •  келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қызмет бабымен басқа жерге ауысқан кезде (оның ішінде әскери бөлім немесе бөлімше құрамында) оларға әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге қоныс аударған әрбір отбасы мүшесіне айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақысы төленеді.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі арқылы алынатын жеңілдікті шарттар
Әскери қызметкерлер тұрғын үйді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы ала алады. Тұрғын үй алу үшін банк үшін барлық қажетті құжаттарды жинап, пәтер іздеу қажет. 2018 жылдан бастап "Тұрғын үй құрылыс жинақ" банкінде әскери қызметшілерді несиелендіру үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Келісімшартқа отырғаннан кейін арнайы есеп шотқа жалақыдан бөлек 24 786 теңгеден аударылады, кейіннен жанұясы болған жағдайда әр отбасы мүшесіне төленеді, "Әскери баспана" бағдарламасы бойынша қажетті қаражаттың 15 % жинағаннан кейін Қазақстанның кез-келген қаласынан пәтер алуға болады.

Толығырақ ақпаратты және керекті құжаттарды жинау тізіміні келесі мекенжайда алаласыз:
ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаменті, Өскемен қ., Чернова к-сі 18, телефон: 8 (7232) 29-30-61
Алтай ауданы бойынша шекара басқарма, Семей қ., Школьная к-сі 8, телефон: 8 (7222) 30-42-32

Следующая →