Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Алексей Цой қолдан жасалған өкпені желдету аппаратын пайдаланбауға шақырды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел тұрғындарына қолдан жасалған өкпені жасанды желдету аппараттарын пайдаланбауға кеңес берді

- Әлеуметтік желілердегі азаматтардың өз қолдарымен жасап алуға тырысып жатқан әр қилы тәсілдерін көріп отырмыз. Олар түрлі құралдар арқылы тыныс алу қызметтерін жақсартуға тырысады. Қолдан жасалған құрылғыны интернеттен көріп алып, үйлерінде өзінше ем алу үшін жасап алады. Бұл ретте, барынша сақтық таныту қажет, - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде тілшілердің сауалына орай.

Министрдің түсіндіруінше, аппаратқа құйылатын сұйықтық таза болмай қалса, онда бұл жайт өкпенің түрлі бактериялармен зақымдануына алып келеді. 
- Қолдан жасалған мұндай құрылғыларға барынша сақтықпен қараған жөн. Аурудың асқынуына алып келуі мүмкін тәуекел барлық уақытта болады. Өкінішке орай мұндай фактілер тек бізде ғана орын алып отырған жоқ. Сондықтан азаматтарымызды сақтандыруымыз қажет, - деді Алексей Цой.
Следующая →