Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да пәтер ұрылары 22,5 млн теңгеден астам қаражат ұрлап әкеткен

Өскемен қаласының 40 жастағы тұрғыны полицияға арыз жазды. Пәтер ұрылары оның жатын бөлмесіндегі сейфінен 59 мың АҚШ долларын ұрлап кеткен екен

Оқиға 1 қаңтарға қараған түні болған. Тергеушілердің пікірінше, белгісіз адам жатын бөлмедегі пластик терезені шағып, содан кейін металл сейфтің есігін ашқан. Жалпы келтірілген материалдық шығын 22,5 миллион теңгеден асты. 

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс бойынша үш адам күдікке ілінді. Олардың үшеуі де 30 мен 32 жас аралығындағы облыс тұрғындары. 

- Ұрылардың бірі ұсталып, Өскемен қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал тағы екеуі Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында, - деді ШҚО полиция бөлімінің бастығы, полковник Сағат Мадиев. 

Ұрлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жалғасуда.
Следующая →