ШҚО-дағы КВИ жұқтырған науқастар туралы толығырақ

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам анықталды
04 маусым 2020 года, 10:09 7779 Евгения Чех
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Подробности о заболевших КВИ в ВКО, зарегистрированных сегодня
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © Архив редакции

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 3 маусым күні Семей, Өскемен қалалары мен Тарбағатай, Үржар аудандарында 11 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.

1 науқас ер адам – Семей, 2-еуі – Өскемен, 1 науқас ер адам Тарбағатай және 7 науқас Үржар ауданының тұрғыны.

⠀- Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 7 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, ЖРВИ белгілерімен түскен 1 науқастан мониторинг жасау кезінде, қалған 3 науқастан денсаулығы нашарлап, жоғары температурамен өз өтініштерімен келген кезде анықталды, - деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 159 адам тіркелді.


Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз