Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстандағы карантиндік шектеу шаралары 13 маусымға дейін ұзартылды

29 мамыр күні ШҚО бас санитарының №11 Қаулысы жарияланды. Оған сәйкес, өңірдегі блок-бекеттер жұмыстарын жалғастыра береді

Соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі анықталған: облыс бойынша - 9,3%, Өскемен - 14,3%, Семей қалалары бойынша – 17,8%.

Осыған сәйкес ШҚО бас санитары жаңа Қаулы қабылдады.

Семей қаласынан өзге, қоғамдық көліктер барлық өңірлер бойынша сақталады. Сонымен қатар, блок-бекеттерден қызыл және көк рұқсат қағазымен өту ережесі қалады. Ал өскемендіктер рекреациялық аймақтарға жұмы күні 18.00-ден жексенбі 21.00-ге дейін барып келе алады. 

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. 

ШҚО бас санитары Марат Исмаилов аудандар мен қалалардың арасындағы сыртқы блокпосттардан шығатындарға бақылау қамтамасыз етуді тапсырды.

- Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстары тарапынан Шығыс Қазақстан облысына кіру/шығу кезінде сыртқы шекараларындағы блокпосттардың жұмысын қамтамасыз етсін. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді міндетті түрде сақтай отырып, облыстың аудандары мен қалалары арасында блокпосттар арқылы көліктің кіруіне/шығуы тек жергілікті атқарушы органдармен берілген қызыл немесе көк түсті арнайы рұқсаттамалар бойынша рұқсат етілсін. Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары сақталған жағдайда, Семей қаласынан/қаласына баратын маршруттарды қоспағанда, тұрақты қалааралық облысішілік автобус тасымалын реттеу жалғастырылсын, - деді бас санитар.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/documents/details/37677?lang=kk 
Следующая →