Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-дағы біртуар хирург-ортопед Михаил Колесников 90 жасқа толды

Михаил Ивановичке қарап 90-ға келді деу қиын: әлі де бойы тіп-тік, тың, жинақы

Михаил Иванович 1930 жылдың 28 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы Таңқурай ауданындағы Коноваловка ауылында дүниеге келген. Отбасы бірден Зайсан қаласына көшті деуге болады. Ол кезде Михаил 11-де. Әкесі Ұлы Отан соғысына майданға аттанғанда үш бауыры мен қарындасын асырау үшін анасына көмектесіп, еңбекке ерте араласқан. Әкесі 6 жыл бойы әр майданда соғысқан. Ал үлкен ағасы Курск доғасындағы шайқаста ауыр жарақат алып, соғысқа жарамсыз деп танылып, Зайсанға келген соң аурухананың бухгалтері болып қызмет еткен.

- Ағамның арқасында сол кезде ауруханада жұмыс істеген тамаша әскери дәрігерлермен таныстым, - деп еске алады Михаил Иванович. Екеуі де майданнан мүгедек болып қайтқан, бірақ мықты хирург еді. Олар далада жарықсыз, еш жағдайсыз-ақ ауыр оталар жасап, қанша адамның өміріне араша түскен жандар. Мені де ана өмірден алып келді деуге болады. Менде екі жақты өкпе қабынуы болды. антибиотик деген мүлде болмаған ол кезде. Мен үшін бір ампула пенициллин алып келген. Осыдан кейін еш ойланбастан болашақ мамандығымды таңдадым. Хирург боламын деп нақты шештім.

1949 жылы Михаил Алматыға келіп, медициналық институтқа оқуға түседі. Бір курсқа тек педиатриялық мамандық бойынша сұңғақ бойлы, талапшыл Женя да бірге оқуға түседі. Бұл – оның өмірлік жары еді.

Оқуды аяқтағаннан кейін бұл жұпты Талдықорған облысындағы Лепсі ауылына жұмысқа жіберген. Бұл Қытаймен шекарада орналасқан ауыл еді. Алда кездескен қиындық жас мамандардың жігерін қайрап, қатайта түскен, мол тәжірибе берді. Ауылдық ауруханадағы жалғы дәрігерлер еді. Евгения Игнатьевна педиатр ретінде балаларды, терапевт ретінде ересектерді де қатар қараса, Михаил Иванович хирург, травматолог, акушера-гинеколог, лор міндеттерін қатар атқарды.

- Біз әмбебап "сарбазға" айналдық, - дейді Михаил Колесников. – Шұғыл оталарды да жасадық: мен ота жасасам, зайыбым ассистентім болды, медбике наркоз берді. Ол кезде жансақтау бөлімі, рентген, зертхана да жоқ қой.

Лепсідегі қызмет уақыты аяқтала салысыменотбасы Зайсанға көшіп келді. Евгения Игнатьевна көп ұзамай бас педиатр, Михаил Иванович бас хирург, артынша бас дәрігер болып тағайындалды. Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін "ЗАйсан ауданының құрметті азаматы" атағы да берілді.

Дәрігер Колесниковтың ШҚО ауруханасында дәрігер-ординатор, ортопедиялық бөлімнің меңгерушісі, облыстың бас травматологя болып қызмет еткеніне 40 жыл. Ортопед, медицина ғылымдарының кандидаты ретінде қалалық және облыстық ортпедиялық қызметті құру барысында Елизаров аппаратын сәтті енгізді, түрлі ауыр омыртқа оталарын сәтті жасады.

Михаил Иванович барлығы 14 мың түрлі ота жасаған. Медицина саласындағы ерен еңбегі үшін Ленин, Еңбек Қызыл ту ордендерімен, түрлі медальдармен марапатталды. КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері. ЗАйсан, Өскемен қалаларының құрметті азаматы.

Әдетте дәрігердің туған күнімен құттықтауға келетіндер қарасы көп болатын. Бұл жылы елдегі ТЖ байланысты туған күн иесі үйінде қонақтар қабылдай алмады. Бірақ құттықтаулар толассыз келіп жатты.

Следующая →