Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Ушанов алаңындағы 28 емес, 8 шырша ғана ауыстырылады

Назарбаев даңғылына қарай жол кеңейтілетіндіктен бес түп тал кеше қазылып алынса, қалған үшеуі алдағы уақытта қазылады

Тұрғындар қала билігінің бұл жаңалығына қарсылық танытуда. Тіпті, қоғам белсенділері Роман Честныхтың атына петиция жолдау үшін қол жинауда.

Бүгін қала әкімі Жақсылық Омар Ушанов алаңында қалалық ТҮКШ басшылығы, мердігерлер, жобалық институт өкілдерімен жиын өткізіп, реконструкцияның техникалық аспектілерін талқылады.

- Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сегіз шыршаны алып тастаймыз, - деді Жақсылық Омар. – Есесіне бұнда жаңа жол жабындысы пайда болады.

- Жол құрылысы мен қайта құру кезінде белгілі бір техникалық сипаттама бар, - деп түсіндірді Өскемен қалалық Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің Жол-техникалық инспекция бөлімшесінің басшысы Сергей Коваленко. – Ушанов алаңын қайта құрылымдау жұмыстары жүріп жатқаннан кейін болашақта бұл жерді бес жолақты етпекпіз. Оның төртеуі жалпы көліктерге арналса, бесінші – соңғысы қоғамдық көлікке арналған. Бес жолаққа дейін кеңейту үшін жолдың жүретін бөлігін 20 метрге дейін кеңейту керек.

Қазір бір жағынан 15 метр болса, екінші жағынан 15,8 метр.

Ғарышкерлер көшесінен шыға берістен қосымша үшінші жолақ қосылады. Кірер жолы өзгеріссіз қалады. Жолдың бұл жақ бөлігін ондай тұрақ аймағын ұзарту арқылы кеңейту жоспарланған. Ал бағдаршам орнату жоспарланбаған. Жаяу жүрігншілер өткелі ары қарай жылжытылуы мүмкін.

"Вояж" мейрамханасы жақтағы аялдама алаң орталығына қарай көшіріледі.

Әміре Қашаубаев көшесінде де жолақтарды кеңейту бойынша жұмыстар жүріп жатыр, кіре берісіне қосымша жолақ салынады.
Следующая →