Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да қаршадай қыз қарда жүретін көлік астында қалды

Қайғылы жағдай туралы полиция қызметіне 5 ақпан күні белгілі болған. Оқыс оқиға Глубокое ауданындағы Малоубинка ауылында орын алды

Сағат 21.00-де ауыл тұрғыны "Ямаха" қарда жүргіш көлігімен аударылып қалғаны туралы ақпарат Глубокое аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне түскен.

Анықталғандай, 35 жастағы ауыл тұрғыны қарда жүргіш көлігімен серуенге шыққанда өзінің 8 жастағы қызын да ертіп алған. Бір сәтке тізгінге ие бола алмай қалғанда көлік аударылып, қызы астында қалған. Өкінішке орай, ауыр жарақаттанған бала оқиға орнында көз жұмды.

- Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Қажетті сараптама белгіленді. Тергеу жалғасуда, - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Следующая →