Өскемен
ясно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +10°
$
446.78
484
¥
61.77
4.84
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Асқар Мамин Өзбекстан Президентімен келіссөз жүргізді

Бүгін Ташкент қаласында Премьер-Министр Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті

Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды egemen.kz.

- Тұңғыш Президент- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сізбен бірге Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығарудың негізін қалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастықты сыртқы саясаттың негізгі қағидаты ретінде құптай отырып, Өзбекстан Республикасымен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөледі, - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтті.

Өзбекстан — Қазақстанның аймақтағы аса маңызды сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $4,1 млрд жетті. 2020 жылдың соңына дейін тауар айналымын $5 млрд дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстанда 3 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көліктік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тоқыма, автомобиль жасау, мәдени-гуманитарлық, туристік, экологиялық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ауқымды мәселелері талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестікті кеңейтуге және нығайтуға деген үздіксіз ұмтылысы екі елдің Аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу тәжірибесінен көрініс бергенін атап өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан аймақаралық ынтымақтастығының I форумы 2018 жылғы 16 қарашада Шымкент қаласында өтті.

Биылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының аймақаралық ынтымақтастығының II форумы Хорезм облысының Үргеніш қаласында "Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы аймақтық бизнестің ынтымақтастығы" тақырыбында өтеді.

Іс-шараға 300-ден астам адам — Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов, мемлекеттік органдардың, өңірлердің басшылары, сондай-ақ екі елдің іскерлік орталарының өкілдері қатысады. Форум қорытындысы бойынша аймақаралық және коммерциялық сипаттағы 40-тан астам келісімге қол қою жоспарлануда.


Следующая →