Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мектеп оқушысы өзі жасаған тыңайтқышын патенттеп алды

Заманның зарлы мәселелерінің бірі қоршаған ортаның орасан зор жылдамдықпен ластануы. Кезінде бұл түйткіл тек өндірістік аймақтарда байқалса, қазір жаһандық мәселеге айналып, көптеген экологиялық қауымдастықтардың дабыл қағуына әкеліп отыр

Атап айтқанда, өндірістік өнімнің зардабын жуықта Антарктида құрлығынан бөлінген миллиард тонналық көшпе мұзынан аңғаруға болады. Бұл жайт әлемдегі, көптеген ғалымдардың назарынан тыс қала алмады.

Соңғы ғасырларда адамзат баласының өркениеті тек экономика мен саясатты ілгерілетуге, дамытуға негізделіп келеді. Тіпті, ботаника, экология ғылымдарының өзі бұл үрдістен озбақ түгілі, көш бойы ілесе алмай келеді. Дегенмен жағдайды жақсарта түсуге талпыныс бар. Әсіресе, қазіргі заманда білімге құштар жастардың талабы мықты, алға қойған мақсаттары айқын. Солардың бірі Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 "С" сынып оқушысы Аяулым Сейітқамзина экологиялық кризисті өз зерттеулерімен шешуге ынтық. Оқушы аграрлы өлкеге орасан зор зиянын тигізетін өндірістік факторлардың алдын алуға ұмтылуда. Міне, жуықта жас ғалым "тұқымдарды жетілдіретін органоминералды дәрі-дәрмек" ойлап тауып, бұл өнертабысын патенттеп те алды.

Оқушы өз жұмысын биология ғылымдарының докторы Александр Воробьев пен ұстазы Алма Тұңғышпаеваның жетекшілігімен жүзеге асырған.

- Жобалық жұмыстың басты мақсаты - тұқымның өнгіштігі мен өсімдік өнімдерінің молынан болуына негізделген. Ойлап табылған өсім симуляторы экологиялық тұрғыда таза әрі құны да арзан шығады, - дейді Аяулымның ұстазы Алма Тұңғышпаева.

Жоба 2015 жылдан бері үш жыл қатарынан жүргізіліп, оқушының патент алуымен қорытындыланды. Жас ғалым бұл бастамаға үші жыл бұрын кіріскен. Өзіне таудай талап қоя білген Аяулым тынбай еткен еңбегінің арқасында жұмысының оң нәтижесін көріп отыр. Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бұндай дарынды балалар үшін барлық жағдай жасалып, оқушылардың ойға алған жұмысын жүзеге асыруға қажетті арнайы жабдықтармен де толық қамтылғанын білеміз.

- Жұмысты 9-сыныптан бастап қолға алдым. 3 жыл ішінде асбұршақтың 2500 тұқымын отырғызып зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Негізгі жұмыстар сынамалар өткізу үшін лайықты деңгейде жабдықталған мектеп жылыжайында өтті, - дейді Аяулым Сейітқамзина. - Экологиялық таза, өсімталдылықты жоғарылататын дәрі қалдықсыз, ауыр технологияларсыз-ақ дайындала береді.

Жаңадан ойлап табылған дәрі сұйық Saccharomyces cerevisiae ашытқысы, автолизаты және бентонит гелінен дайындалады. Ұсынылып отырған органикалық минералды дәрі өсімталдыққа ғана әсер етпейді, тұқым сапасын да арттырады.

- Дәрі тұқымның айналасына бекініп, ылғалды ортада ісінеді. Микро және макро элементтердің алмасуына ықпалы етіп, топырақтағы ауыр металдарды өзіне сіңіреді. Ал металдар өсімдікке тимеуі керек, - дейді Аяулым Сейітқамзина.

Жас ғалым өзінің зерттеу жұмыстарын мектеп қабырғасынан соң, университеттік деңгейге көтеріп, дамыта беруді көздейді. Зияткерлік меншік иесінің бұл салада жетістігі мол болатынына ұстаздары да сеніммен қарайды.

- Экологиялық таза дәрі-дәрмек қолданып, адамға еш зиянын тигізбейтін өнім алу экономикалық тұрғыдан жемісті болатыны сөзсіз. Мысалы, бүгінгі таңда көптеген елдерде аграрлық өнеркәсіп дамымаған. Жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алып отырған алпауыт елімізде егістік алқаптарынан артық өнім алса, экспортқа да, импортқа да пайдалы болмақ, - дейді ұстазы Алма Тұңғышпаева.

Аяулым Сейітқамзина өз жұмыстарын халықаралық дәрежеде де қорғау мүмкіндігіне ие болды. Былтыр Ресей Федерациясында өткен Жалпыресейлік жастар ғылыми-тәжірибелік конференциясында жұмыс нәтижесін қорғаса, Жалпыресейлік балалар мен жасөспірімдердің "Созвездие" білім және ғылыми зерттеу жұмыстары олимпиадасында бағын сынап, екінші орынды иеленді.

- Биология пәніне деген қызығушылығым ерте оянды. Бұған алдымен алғашқы ұстазым ықпал етті. Сабақ жүргізу әдісі, түсіндіріп, көрсетіп айтатын тәжірибесі санамда әлі сақтаулы. Сондықтан осы салаға бет бұрып, алғашқы қадамдарымды жасадым. Кейін мектепке ғылыми жетекшім, биология ғылымдарының докторы Александр Воробьев келді. Ол кісінің арқасында бентанит минералдары жайлы біліп, оның өмірдегі қажеттіліктерде қолданылу әдістерімен таныс болдым. Бұл минералды затты бүгінгі қоғамда көп қолдана бермейді. Ол зиянсыз, кері әсері болмағандықтан оны түрлі салада қолдануға болады, - дейді Аяулым Сейітқамзина. - Үш жылдық тәжірибемде көптеген сынамалар жасадым. Анықтағанымдай минералды затты кез келген тұқымы бар өсімдікке пайдалануға болады. Қандай бастама болмасын жемісін беретініне сенімдімін. Дәріні ойлап таппас бұрын бентонитті қандай органикалық затпен байланыстыруға болатынын іздестірумен болдық. Міне, қорытындысы енді шықты десем болады. Әрине, әзірге жұмысымды ары қарай жетілдіруге қолым тимей жүр. Бірақ кейін де алғашқы жұмысымды жалғастырып, түрлі сынақтар өткізетін боламын. Болашақ жұмысыма байланысты жоспарларым бар, бірақ әзірге "арық сөйлеп, семіз шығу" керек деген нақылға сүйеніп отырмын.

Жас ғалым қолға алған ісін әрі қарай жоғары оқу орнында жалғастыруды жоспарлап жүрсе, демек болашағын осы саламен байланыстыруға ниетті. Аяулым алда әлі талай тың дүниелер ойлап тауып, ел мен жердің игілігіне қызмет етеді деп мол сеніммен айта аламыз. "Асыл - тастан, ақыл - жастан" дегендей, мектеп жасынан білімге құштар ұрпақтың болашағы жарқын болары сөзсіз.


Следующая →
Тақырыптар: НЗМ Зерттеу Патент