Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Электр қуаты қымбаттайды

1 қазаннан бастап Шығыс Қазақстанда электр қуатының ақысы қымбаттайды

Елбасының тапсырмасына құлақ асқан "Шығысэнерготрейд" ЖШС жыл басынан бері өз бетінше тұрмыстық қолданушылар үшін жарық тарифін 6,5%-ға төмендеткен болатын. Қоғамдық тыңдалым кезінде компания жыл соңына дейін тарифті көтермейтіндерін айтып сендірген. Бірақ жыл соңына жетпей, қазірден бастап қазанда баға қымбаттайтынын ескертуде.

- Күз-қыс мезігілінде электр қуатын пайдалану көлемі артып кететіндіктен қуатты Екібастұз МАЭС-тен алуға мәжбүрміз. Өйткені жергілікті стансалардың толық электр қуатымен қамтуға техникалық мүмкіндіктері жоқ, - деп атап өтті "Шығысэнерготрейд" ЖШС бас директорының орынбасары Айнаш Абдульманова. - Сол үшін қуатты сатып алу құрылымы өзгерді. Бұл компания шығынын 1 млрд теңгеге дейін арттырды. Барлық стансалар төлемді уақтылы жүргізуді талап етеді. Сондықтан 2018 жылғы тарифті қайтаруға мәжбүрміз.

Яғни, кВт/сағ-на 11,642 теңге - қазан айынан бастап жеке тұлғалар үшін өткізу құны. Тұрмыстық қолданушылар 10,395 теңге/кВтсағ. төлейтін болады. Яғни, 1,247 теңгеге артық. Мекеменің мәлімдеуінше, бұл заңды әрекет.

- Ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Шығысэнерготрейд" ЖШС аймақтық бөлімшеге 2019 жылдың 1 қазанынан бастап тарифті өз еркімен көтеретіндігі туралы ақпарат жолдады, - деп түсіндірді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті директорының орынбасары Наталья Петрова. - Осылайша компания бұрын бекітілген, бірақ 2018 жылғы 4 қазанда бекітілген деңгейден аспайтын тарифті қайтарады.


Следующая →