Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жаңа үлгідегі жатақхана ашылды

Қала күні қарсаңында ҚАЕУ шетелден келетін өз студенттері үшін жатақхана ашты

Жайлы болса, жатақхана да өз үйіңдей. Жағдайы оңып тұрмаса да, кеңестік кезеңнен қалған жатақханалар жеткілікті. Талапқа сай әрі ыңғайлы жатақханалар да бар. Биылғы Қала күні қарсаңында ашылған жатақхана заман талабына сай, шетелдік үлгіде салыныпты. Жаңа жатақхана үштұғырлы тіл саясатын баяғыдан бастаған Қазақстан-Американ еркін университетінде ашылды. Жатақхана жабдығы заманауи үлгіде. Тамақтанатын орны мен жатын бөлмесі бөлек. Жатақхананың бір қапталында үлкен спорт залы орналасқан. Кешке-таңертең студенттер спортпен шұғылдағанға қолайлы.

- Мен 35 жыл ректор болған адаммын. Шығыстың университеттері үшін біраз жұмыстар атқардым. Осыдан 25 жыл бұрын осы Қазақстан-Американ еркін университетін аштым. Біздің шығыстың қазағының бір кемшілігі - қазақ тілі мен орыс тілін жақсы меңгерген де, ағылшын тілін артта қалдырған. Дәл сол кезде ағылшын тілінің қолданыс аясы кеңи түскен. Егер үш тілді меңгерсе, шетелге шыға алатын жастарымыз көп болатынын ескере отырып, осы университетті аштым. Бүгін, міне, жаңа заман үлгісіндегі 100 орындық жатақхана ашып жатырмыз. Шетелден келген студенттер саны көбейді. Сондықтан алдымен жатақханаға шетелдік студенттерді қабылдау жағын қарастырдық, - дейді университет басшысы Ережеп Мәмбетқазиев.

Университет басшысының айтуынша, шетелдік студенттерден асып қалған орындар болса, жергілікті студенттерді де жатақханаға қабылдайды. Әрине, алдымен оқу үлгерімі жақсы студенттерге басымдық беріледі. Үкімет тарапынан ешқандай қаржылық қолдау алып отырмағандықтан барлық студентке жатақханадан орын беруге мүмкінідік жоқ көрінеді.

Студент үйінің лентасын қала әкімі Жақсылық Омар мен Америкадан арнайы келген "Co-Serve International" қорының президенті, ҚАЕУ-дың халықаралық қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен кесті.

- Елдің болашағы - жастар дейтін болсақ, біз оларға жағдай жасауымыз керек. Университет жанынан жаңа жатақхана ашылып, пайдаға беріліп жатақандығына қуаныштымын. Оқу орнының басшылығына қала әкімшілігі атынан алғыс айтамын, - деді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Жанға жайлы, жылы бөлмелередің біріне қаракөз қарындастарымыз ораналасыпты. Құтты қоныстарына кіріп, пікірлерін білдік.

- Жатақхана жаңға жайлы, барлық жағынан ыңғайлы. Жатар орын мен ас бөлме бөлек. Жиһаздары да жаңа. Мұндағы шетелдік студенттермен тіл табысып кеттік. Арасында оларға аудармашы болып та кетеміз, - дейді білім ошағының шет тілі мамандығының студенті Әйгерім Жайлауханова.

25 жылдық тарихы бар оқу орнының алғашқы жатақханасы заман талабына сай, жаңа үлгіде салыныпты. Алдағы уақытта шетелдіктермен қатар, жергілікті студенттерге де жағдай жасалып, жатақхана салынар деп үміттендік.

Следующая →