/ Усть-Каменогорск и ВКО

Биліктегілер автобус мәселесін шешуге уәде етті

Бірақ Өскемен қаласындағы барлық бағыттар үшін көлікті қайдан табатыны белгісіз
16 қыркүйек 2019 года, 12:27 1062 Ирина Николенко
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Власти пообещали решить проблему с нехваткой автобусов
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © Устинка LIVE

Өткен аптада Ахмер кентінің тұрғындары жолды жауып тастап, кептеліс тудырған еді. Ондағы мақсаттары 42-ші бағыттағы автобустың уақтылы жүрмейтіндігін билік өкілдеріне жеткізу еді. Бұл автобусты халық сағаттап күтетін. Наразы халық Өскемен қаласының әкімі өзі келіп, мәселені бір жақты етпейінше жолды ашпай қойған. Оқиға орнына жеткен Жақсылық Омар халыққа түйіткілдің түйінін шешуге уәде етіп кеткен.

Ал қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 42-ші бағытқа қосымша автобустар қосылғанын хабарлады.

- Сонымен қатар, Жақсылық Омар Жолаушылар тасымалын басқару орталығы, қалалық мәслихатының хатшысы Александр Светашқа қалада тағы қай бағыттарда осындай мәселе бар екеніне талдау жүргізуге тапсырма берген. Әкімдіктің Instagram әлеуметтік желісіне жазған аудан тұрғындарының пікірі есепке алынады. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қолданылады, - деді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.


Алайда мәселенің нақты қалай шешілетіні айтылған жоқ.



Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз