Қала күнінде жаңартылған аулалар мен коворкинг-орталықтың ашылуы өтеді

Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов брифинг барысында айтты
08 қыркүйек 2019 года, 14:35 1176 Татьяна Золотарева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - В День города состоится презентация обновленных дворов и коворкинг-центра
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © Устинка LIVE

Биыл Қала күні бір апта бойы тойланбақ. Негізгі шаралар 11-14 қыркүйек аралығына жоспарланған.

11 қыркүйек күні "Менің аулам" бағдарламасы бойынша Сәтпаев даңылы мен Әуезов даңылы бойындағы аулалардың ашылуы өтеді.

- Қаладағы аулалардың көбінің құрылысы келесі аптаның аяғына дейін аяқталады, - деді Серік Жеңісов. - Ал Қала күнінен кейін облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге қалғандарын ашамыз.

12 қыркүйекте балалар мен жасөспірімдерге арналған бес коворкинг-орталықтың ашылуы өтеді.

- Жалпы қалада 30 балалар-жасөспірімдер клубы бар. Биыл қала бюджеті есебінен бесеуі жаңартылды, - деді Серік Жеңісов. - Тағы 25 клуб қалды. Оның жөндеу жұмысына "Парыз" қайырымдылық қорынан қаржы бөлінді. Жыл соңына дейіе барлық коворкинг-орталықтар дайын болады деп ойлаймын.


Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз