Глубокое тұрғындары енді көмірге кезек күтпейтін болды
Глубокое ауданында тағы бір көмір базасы ашылды, бұнда қатты отын бағасы 9800 теңге
Глубокое ауданының жеке кәсіпкерлерінің бірі 70 млн теңгенің көмірін алып қойған. Жаңа база Берестова көшесінде орналасқан.
- Алаңда алты жұмыс орны ашылған, - деп атап өтті Глубокое ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. - База қызметкерлері халыққа көмірді өз көліктерімен жеткізіп береді.
Енді тұрғында көмір алу үшін ұзын-сонар кезек күтіп, шаршамайтын болды.