Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +4°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -8°
  • Шымкент
    +10°
$
449.3
+0.72
489.69
+1.14
¥
62.42
+0.08
4.89
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ядролық жарылыс салдарынан зардап шеккен балаларға арналған оңалту орталығы ашылады

Балаларға арналған орталық Семей қаласында, ал ересектерге арналған осындай мекеме Алтай ауданында бар.

Жол картасы бойынша «Бақытты отбасы» жобасы аясында Семей ядролық полигонының жарылысынан зардап шеккендерге арналған оңалту орталығы құрылады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Өтінім мен алдын ала техникалық - экономикалық негіздеме дайын, жоба республика бюджеті есебінен қаржыландырылады, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. - Шамамен 3,5 миллиард теңге қажет. Бірақ әлі жобалау-сметалық құжаттаманы толықтырамыз, сандар алдағы уақытта нақтыланатын болады.
«Бақытты» отбасы жобасы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Сараптамалық жұмыс тобы Қазақстан өңірлеріне барып, осы жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар жинайды.
- ШҚО Жол картасына көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін маңызды және қажетті жаһандық өзгерістер белгіленген, - дейді Nur Otan партиясы жанындағы балалар құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің сарапшысы Рысты Жұмабекова. - ШҚО аудандары мен қалаларына барып, біздер осы санатқа бағатталған АӘК пен жеңілдіктердің жағдайды жақсартып жатқандығын анықтауымыз керек.
"Бақытты отбасы" жобасы отбасылық қолайсыздық көздерін, балаларға қатал қарау жағдайларын анықтауға, зорлық-зомбылықтың алдын алу мен отбасы қатынастарындағы мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ әлеуметтік қызметтерді дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, көп балалы аналарды оқыту және т.б. мәселелер қабылданатын болады. Жобаға 14 өңірдің әкімдері қол қойып, жүзеге асыра бастады.
- Біздің міндетіміз – ұсыныстар мен ескертулерді қадағалау, - деді Рысты Жұмабекова. - Біз мұны міндетті түрде қорытынды жазбада көрсетеміз және Президент аппаратына береміз.
Следующая →