Өскемен
Бұлтты
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Семей
    -14°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -12°
  • Астана
    -16°
  • Ақтөбе
    -12°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    +2°
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -19°
  • Қостанай
    -18°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -17°
  • Петропавловск
    -17°
  • Тараз
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
    -13°
  • Шымкент
    +9°
$
494.66
581.87
¥
71.61
6.43
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұрсұлтан қаласында кітап фестивалі өтеді

Өткен бес жылдан бері Алматы қаласында ұйымдастырылп келе жатқан KITAP FEST 2019 фестивалі алғаш реті елорда төрінде өткізілмек.

Фестиваль 25 тамыз сағат 10:оо-ден 19:00-ге дейін Нұрсұлтан Арбатында өтеді, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сайты.

Фестивальді қала әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен BAURZHAN жеке қоры, ABAYbooks баспа үйі ұйымдастырды.

Фестивальдің мақсаты – оқырман мәдениетін дамыту, жазушылар мен олардың оқырмандарына жағдай жасау, балалар мен жастар арасында кітаптарға деген қызығушылықты арттыру.

Фестиваль бес жыл ішінде қарапайым кітап көрмесінен мәдени-ағартушылық бағыттағы іс-шараға айналды.

- 5 жыл ішінде KITAP FEST алаңында авторлардың және баспалардың қатысуымен 130 - дан астам кітап таныстырылды. 20 000-ға жуық кітап оқырманға беріліп, 70-тен астам кітап дүкендері қатысып, 45 блогер сүйікті кітаптарымен бөлісті, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Фестиваль аясында бірнеше іс-шаралар, кітап алмасу, қазақстандық авторлардың жаңа кітаптарының тұсау кесері, шақырылған қонақтармен кездесу, кітап жәрмеңкесі, мұрағаттық фотосуреттер көрмесі және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасын қамтиды.
Следующая →