Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қаланың қақ ортасынан жанармай құю бекетін салуға рұқсат берген кім?

Өскеменнің қақ ортасында алып жанармай құю бекеттері пайда бола бастады. Тұрғындар наразылығын облыс әкімі де қолдап, бұл үрдістің дұрыс еместігін айтып отыр

Облыс әкімі соңғы 3 айда Назарбаев даңғылында аса үлкен көлемдегі жанармай құю бекеттерінің жаңбырдан кейін саңырауқұлақтарша қаптап бара жатқанын байқаған.

- Миға қонымсыз нәрселердің белең алып жатқанын, яғни, алып жанармай құю бекеттерінің пайда бола бастағанын байқап, көріп жүрмін. Негізінен қала құрылысы тәжірибесінде қала ішінде жүріп өтетін магистарль жолдарда мұнай және газ инфрақұрылым нысандарын салу көзделмейді, - деді Даниал Ахметов. - Енді орталық көшелердегі өтпелі жолдарда кептеліс болып, адамдар тек жанармай құю мақсатымен баратын болады. Бұл дұрыс емес.

Бас көшеде жанармай құю бекетін салуға рұқсат берген адамның ізін кесуді қала әкімі Жақсылық Омарға тапсырды. Бұған дейін де қала әкіміне қаладағы жазық, құрылысқа таптырмас жерлерді жекенің қолына кімнің сатып жібергенін табуды тапсырғаны ол бар.

- Өскемендегі ең жақсы көшені жанармай құю стансасына айналдырудың қажеті жоқ. Сіздер (Жақсылық Омарды айтады), бұның кімнің ісі екендігін анықтаңыздар, - деді әкім. - Мен жанармай құю бекеттерінің болғанына қарсы емеспін, алайда орталық көше аумағында болуы тиіс емес.

Следующая →