Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ауылдағы аналарға үй беріледі

Аймақтың көпбалалы жанұяларын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңдік бағдарлама жасалды. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов хабарлады

Бірінші кезекте, бюджеттен тыс қаражатқа бір айдың ішінде ауылдық округтерде үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларына арнап облыстағы 88 ауылдан 190 үй, сондай-ақ, 4 аудан орталығынан 41 үй алынбақ. Таңдап алынған 231 үйдің 70-і жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыстар қысқа мерзім ішінде сондай-ақ бюджеттен тыс қаражатқа атқарылатын болады.

- Арнайы құрылған облыстық комиссия бар. Солардың қатысуымен арнайы жиналыс өтті. Біздің мақсат - бұл жұмыстың формалды емес, нақты нәтижесін қамтамасыз ету. Сондықтан құрамына көпбалалы аналар мен қоғам өкілдері кірген аудандық деңгейдегі комиссия мүшелерінің атқаратын рөлі аса маңызды екенін айтқым келеді. Олар жөндеу жұмыстарынан бастап, сол үйлерге қоныс тебуіне дейінгі жұмыс барысын толық қадағалауға алулары керек, - дейді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, облыс әкімі әкімдік пен комиссия мүшелерінің көпбалалы аналарға тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілмеген үйді мәжбүрлі түрде беру жағдайларын болдырмауымыз керектігін де атап өтті.

- Қаражат бөлінді, барлық аудандар бұл жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеткенін тағы бір мәрте қайталап айтамын, - деді әкім.

Ал қалған аудан орталықтары мен қалалар, яғни, екінші және үшінші кезеңдер бойынша "Бақытты отбасы" бағдарламасымен жұмыс істемек.

- Көпбалалы және аз қамтылған отбасылары тұрғын үй жинақ банкі арқылы жылдық үстемақысы 2%-бен 20 жылға ипотека алу мүмкіндігіне ие болады. Тек төлем қабілеттілігін растаулары қажет, - дейді Даниал Ахметов.

Алғашқы жарна барлығында болмағандықтан, облыстың атқамінерлері сертификат беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл кезеңдер толық талданғаннан кейін облыс аумағында бастау алады.

Следующая →