Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көкөзекте жаңа мешіт бой көтерді

Үржар ауданы Көкөзек ауылында Алла үйінің тұсауы кесілді. Кәсіпкерлер бизнесін өрге домалатып қана қоймай, қоғамның рухани тәрбиесіне де үлес қосуда

Көкөзек ауылының тумасы, кәсіпкер Әділбек Алмас Зейноллаұлының демеушілігімен Әділбек Келдібайұлы атындағы мешіт пен 300 адамға арналған қатымхана ашылды.

Екі ай ішінде іргетасы қаланып, құрылысы аяқталған зәулім мешіттің ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан, Семей қалаларынан келген қажы, қари, наиб имамдар, аудан имамдары, әулеттің ақ жаулықты аналары және асқар тау-дай әкелері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысып, ақ тілектерін арнады. Шара барысында қазақтың салты бойынша ауыл тұрғындары Алмас Зейноллаұлына ат мінгізіп, арқасына шапан жапты. Игілігі мен сауабы мол шараның жалғасы ауыл қатымханасында жалғасып, ақ дастархан жайылды.

- Кәсіпкерлеріміз бірінші Алланың, сосын ауылдастарының алдындағы парызын өтеу үшін өз қаражаттарын жұмсады. Қайырымдылық таныта отырып, ауыл адамдарының тілегін орындады. Бұл нысандар білім алуға, Отанды сүюге тәрбиелесе деген басты мақсатымыз бар, - дейді Қайрат есімді ауыл тұрғыны.

Сәулетті құрылыс қасиетті мекен ғана емес, жергілікті көрнекті мәдени нысанға да айналып, ізгілік нұрын себеді деген үміт зор.

Следующая →