Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ақша жинаған ұстаз жауапқа тартылды

Көкпектілік ұстаз оқушылардан ақша алып, жауапқа тартылды

Көкпекті ауданының Ж. Болғанбаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысының ата-анасы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментіне сынып жетекшінің оқушылардан былтыр қазан айында жалюзи алуға 1000 теңгеден жинап алғандығын хабарлаған.

Оқушылардың ата-аналары бұл жағдайдан бейхабар болса керек. Алайда ақша өткен жылдың қазан айында жинап алынғанымен, жалюзи 2019 жылдың сәуір айына дейін орнатылмаған болып шықты. Сонымен қатар, сынып жетекшісі тауарды сатып алғандығы жайлы тауарлық чек те көрсете алмаған.

- Аталған мәселеге Департамент араласқаннан кейін, сынып жетекшісі жалюзиді сатып алып, сынып бөлмесіне орналастырды. Сондай-ақ, ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына және "Білім туралы" Заңының 63-бабына сәйкес, оқушылардан ақша жинағаны үшін сынып жетекшісіне "сөгіс", сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау жүргізбегені үшін аталған мектептің директорына "ескерту" жарияланды, - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, мектепте осындай фактілер кездескен жағдайда департаменттің +7 7086042151 What’sApp нөміріне немесе 8 (7232) 76-51-26, 76-51-17 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Следующая →