Шығыс Қазақстанда үсік жүреді
ШҚО ТЖД облыста түнде ауа температурасының төмендейтіндігін ескертеді
"Қазгидромет" РММ филиалының ақпараттарына сүйенсек, 23 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр аралас қар жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. 15-20 м/с жылдамдықпен батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ұласады.
23 мамыр күні түнде үсік жүріп, сыртқы ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді.