Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскеменде кардиоорталық ашылады

Өскемен қаласында жүрегі ауыратын науқастарды қабылдайтын арнайы кардиологиялық орталық ашылмақ. Бұл орталық облыстық аурухананың ішінен ашылатын болады

Кардиоорталықты халықаралық үлгіге сай жобалау, салу және жабдықтау жұмыстары осы жылдың соңына дейін шешілуі тиіс. Әсіресе, еуропа елдерінің заманауи ауруханаларымен бірдей болуы керек. Облыста жүрек дертіне шалдыққандардың көбейгендігіне алаңдаушылық білдірген аймақ басшысы Даниал Ахметов денсаулық сақтау басқармасына осындай тапсырма берді.

- Еуропа мемлекеттері емханаға қаралатын науқастардың санын күрт көбейту арқылы жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алды. Біз де солай істеуіміз керек. Жүрегі ауыратын адамдарды емханаға көптеп қабылдап, жиі емдеу шараларын өткізу қажет. Ал ол үшін арнайы кардиологиялық орталық ашып, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауымыз керек, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Әкімнің ойынша, кардиоорталық ашылған соң, жүрекке жасалатын ота саны да көбеюі тиіс. Сонда ғана жүрегі ауыратын адамдардың көбін аман алып қала аламыз. Одан бөлек, облыс ауруханаларына сатып алынған қымбат-қымбат медициналық құрал-жабдықтар қаңтарылып бос тұрмай, күндіз-түні жұмыс істеуі керек.

- Мәселен, Еуропа ауруханаларында жоғарытехнологиялық жабдықтардың бірде-бірі бос тұрмайды. Тәулік бойы адамдарды қабылдап, тексеру жүргізеді. Ота жасайтын бөлмелер де күндіз-түні ашық. Отаны күндіз де, түнде де жасай береді. Біздің ота жасау жабдықтары да күндіз-түні халық игіліге пайдалануы керек, - деп қайырды аймақ басшысы.

Ал кардиологиялық орталықтың ішіне қандай жабдықтар орналастырылып, қанша ота бөлмесі болатындығы келесі айда белгілі болмақ. Одан бөлек, орталық ішінде балалардың жүрегіне ота жасайтын бөлек бөлме ашылмақ.

Следующая →